Brain Wave Timing

Қазіргі қолжетімді аутенфикация түрлері қолдануға ыңғайсыз. Алдағы уақытта мидың сигналдары арқылы аутенфикация жасайтын система жасауға болады.

Ол қалай жұмыс жасауы мүмкін?

Арнайы миды сканерлейтін апарат арқылы!

Серверге ми сигналының кескіні сақталады, акканутқа кірген кезде қазіргі мидың кескінімен сәйкестендіріледі.

Yubikey сияқты құрылығы жасау

Мидың сигналын арнайы type c немесе usb құрылғыға енгізеді. Аккаунтқа кірген сайын сол құрылғыдағы ақпарат бойынша, сервердегі нұсқасымен салыстырылады. Қосымша қауіпсіздік үшін құрылғыдағы ақпаратқа salt қосуға болады. Және әр қосылған сайын биометрия арқылы активация жасайтын қосуға болады.

Құрылғы жоғалған жағдайда арнайы апарат арқылы бәрін қалпына келтіре аламыз, тек бұрынғы ключке қосылған salt ты ұмытып қалмау керек.

Мидың толқыны уақыт бойынша өзгеруі мүмкін?

Менде мынадай болжам бар. Мидың толқыны арқылы оның жасын анықтауға болады. Мысалы бүгін мидың толқыны сканерлейміз, кейін он күннен кейін миды сканерлейміз. Екеуін салыстыру арқылы, екінші он күннен кейінгі жасалған скан жаңалау екенін білеуге болатын секілді. Бұл әрине ғылыми зерттеуді талап етеді.

Егер дәл осылай болса, ми сигналы арқылы инденфикация жасау жеңілдейді. Яғани ешкім оны ұрлай алмайды деген сөз. Біреуі қандай да бір жолмен оны ұрлапы аутенфикация жасауға тырысқанның өзінде, оның иесі бірден аккаунтына қалпына келтіре алады. Себебі ол қазір кірген кезде ми сигналының ең нұсқасы, ертең кірген кезде одан басқа нұсқасы болады. Ал серверде оның серверде соңғы кірген нұсқасы мен қазір кірейін деп жатқан нұсқасы тексерілуі керек.

Ұрланған нұсқасы әрине актуалды болмай қалады.